Ұлтаралық қатынастар. Толеранттылық

08.11.2022

2022 жылғы 7 қарашада Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Петропавл қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Шамиль Якубович Кусиевтің қатысуымен «Ұлтаралық қатынастар. Толеранттылық» тақырыбында 1 және 2 курс студенттерінің кездесуі өтті.

Спикерлер сөз сөйледі: Жакина Әсем Марланқызы- "М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж" КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары; Құсайынова Айгүл Зейнулқызы - "Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК тарих және география пәнінің оқытушысы;

Такенов Тілеген Елтайұлы – "Солтүстік Қазақстан кәсіптік – педагогикалық колледжі" КМҚК тарих пәнінің оқытушысы.

Кездесуге қатысушылар ұлтаралық қатынастар саласындағы этникалық келіспеушіліктердің алдын алу, толеранттылықты қалыптастыру, ұлттық араздық пен жеккөрушілікті, оның ішінде жастар арасында өршіту әрекеттерінің уақтылы жолын кесу, сондай-ақ сепаратизм мен ұлтшылдық үшін жауапкершілік мәселелерін талқылады.



Текст
Виртуальная приемная